Алаяқтарды ұстау үшін мемлекеттік органдар, қаржы мекемелері және жеке сектормен өзара іс-қимылды күшейтуге баса назар аударылып отыр. Мұндай қылмыстарды анықтауға және ашуға, сондай-ақ ұйымдастырушылар мен қатысушыларды ұстауға бағытталған шаралар кешені іске асырылуда. Осы орайда барлық өңірде интернет-алаяқтықтарды тергеу бойынша «Киберпол» мамандандырылған топтары құрылды. ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай ОКҚ алаңында осылай деді.