«Qazaq сulture» сайттын әзірлегенде, шетелдік қонақтарға басымдық берілді. Порталды ашқанда, ақпарат ең алдымен ағылшын тілінде шығады. Сондай-ақ сайттағы «Қазақстан мәдениеті жасанды интеллект призмасы арқылы» бөлімі виртуалды шындық арқылы барлық өңірлер мен олардың көрікті жерлерін зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми өкілі Эльвира Жүргенбаева ОКҚ алаңында айтты.