Суперкомпьютерді іске қосуда айтарлықтай қиындық жоқ. Бұл – графикалық карта технологиялары негізінде жұмыс істейтін серверлік қуат. Ол «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Деректерді өңдеу орталығында орналастырылатын болады. Қазірдің өзінде оған қажетті инфрақұрылым әзір. Бұл туралы ОКҚ алаңында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин мәлімдеді.
Жыл соңына дейін ҚР-да суперкомпьютер іске қосылады. Оның серверлік қуатын қамтамасыз ету арқылы стартаптар мен бизнес қауымдастығына қолдау көрсетіледі
Тегтер:
сот төрелігі