Еліміздегі су тасқыны бойынша ағымдағы жағдай туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясына қатысушылар баяндады. «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова атап өткендей, Қазақстанның қар жамылған аумағы 21%-ды құрайды. Синоптикалық болжамға сәйкес, 6-12 – сәуір аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жауын-шашын жаңбыр түрінде болады деп болжануда.