Су тасқынына қарсы іс-шаралар кешеніне ұйымдастыру-шаруашылық, мелиоративтік, инженерлік-техникалық, сондай-ақ пиармен байланысты жұмыстар кіреді. «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ басқарма төрағасы Ахметқал Медеу ОКҚ алаңында үлкен сумен күреске деген ғылыми көзқарасын білдірді.