Мемлекет басшысы өз үндеуінде су басқан аймақтарда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық тәртіптің сақталу мәселесіне ерекше назар аударды. Ішкі істер органдарының жеке құрамы күшейтілген режимде қызмет атқаруды жалғастыруда. ІІМ мен өңірлік департаменттерде жедел штабтар тәулік бойы жұмыс істейді. Барлық деңгейде азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметімен тығыз өзара іс-қимыл ұйымдастырылған. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев ОКҚ алаңында хабарлады.