2024 – жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық 2023 – жылғы Су тасқынына қарсы іс-шаралардың республикалық жол картасына және облыстық инженерлік жұмыстар жоспарына сәйкес жүргізілді. Облыс бойынша барлығы 90-ға жуық іс-шара орындалды. Шамамен 8 шақырым қорғаныс бөгеттері мен жалдар тұрғызылды, өзен арналарының 45 км су тасқыны қауіпті учаскелеріне санация жүргізілді, 11 шақырым су бұру каналдары салынды және жөнделді, 18 шақырым дренаж және су бұру жүйелері тазартылды, автомобиль жолдарының 66 учаскесінде су өткізу қабілеті ұлғайтылды, 54 су шаруашылығы объектілеріне жөндеу жүргізілді. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Асанов ОКҚ брифингінде мәлімдеді.