Бүгінгі таңда су деңгейінің көтерілуі Батыс Қазақстан, Атырау, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында жалғасуда. Су объектілерінде мұз жағдайының әлсіреуі мен бұзылуы, кептеліс құбылыстары, су деңгейінің ауытқуы мен көтерілуі байқалады. Кей жерлерде өзен арналарында қардың қарқынды еруі, сондай-ақ еріген су ағыны мен бүйірлік ағынның шығуы есебінен шектік белгілерден асып кетіп отыр. Бұл туралы ОКҚ алаңында «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова хабарлады