Қостанай облысының Қаратомар су қоймасынан секундына 3250 текше метрді су жіберіліп жатыр. Су қоймасы 99% - ға толды, ол транзиттік режимде жұмыс істейді, суды жіберу көлемін ұлғайтуға болады. Қостанай облысының өзінде су тасқыны жалғасуда. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева ОКҚ алаңында хабарлады.