БҚО-да су басу әлі қауіп сейілген жоқ. Облыста 12 аудан, бір қала болса, 8 ауданда жағдай тұрақтанды. Облыс орталығы мен 4 ауданға қауіп әлі де төніп тұр. Олар Ақжайық Бәйтерек, Бөрлі, Теректі аудандары. Олардың барлығы Жайықтың бойында орналасқан. Жайық - РФ Челябі облысынан келетін өзен. Олардың көп мөлшерде су тастауы өңірге қауіп туғызады. Соңғы тәуліктерде су көлемі 2140 текше метрге дейін жетті. Ал, былтыр секундына 15 текше метр су келді. Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов ОКҚ брифингінде осылай деді.