Азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қазіргі уақытта тәртіп сақшылары күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Құтқару және су тасқынына қарсы іс – шараларға 4 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, сондай-ақ ІІМ оқу орындарының курсанттары қатысуда. 700 қызметтік техника жұмылдырылды. Бұл патрульдік көліктер, автобустар, жүк көліктері және ведомстволық тікұшақтар мен ұшақтар. Ішкі істер органдарының қызметкерлері Төтенше жағдай министрлігі мен жергілікті органдарға арықтарды тазартуға көмектесуде. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев ОКҚ брифингінде мәлімдеді.