БҚО-дағы күрделі жағдай және Иреклі су қоймасынан су жіберудің ұлғаюын ескере отырып, Атырау облысының әкімі 7 – сәуірде өңірдің барлық аумағында ТЖ режимін енгізді. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, өткен тәулікте Махамбет кентіндегі Жайық өзенінің гидропостында өзеннің көтерілуі 45 см, Атырау қаласында көтерілуі 36 см құрады. Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев хабарлағандай, жағалауды нығайту жұмыстарын күшейту үшін әкімнің шешімімен жергілікті атқарушы органдар тапсырыс беруші болып табылатын барлық жол-құрылыс жұмысы тоқтатылды, сондай-ақ ірі мұнай компанияларымен келіссөздер жүргізілді.