Еліміздегі су тасқыны базалық станцияларды электрмен жабдықтау және ажырату проблемаларына әкеп соқтырды. Салдарынан Ақтөбе, Қостанай, Атырау және Ақмола облыстарындағы ұялы байланыс операторлары желілерінің жұмысы тежелді. Атап айтқанда, Құлсары қаласында 5 базалық станция су астында қалды, қазір олар басқа байланыс станциялары есебінен қамтамасыз етілуде. Бұл туралы ҚР ЦДИАӨМ ресми өкілі Альбина Атен ОКҚ алаңында хабарлады.