Ақпараттық кеңістік мониторингі барысында жалған және қате ақпаратты таратудың 28 дерегі анықталды. Кейін уәкілетті органдар бұл мәліметтерді жоққа шығарды. Бөгеттердің бұзылу қаупі, республикалық маңызы бар жолдардың қирауы, су қоймаларындағы, электр станцияларындағы және басқа да стратегиялық объектілердегі апаттар, ауыз судың ластануы, эвакуациялау орындары мен тәртібі туралы жалған хабарламалар жиі таратылады. Бұл туралы ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов ОКҚ алаңында мәлім етті.