Батыс Қазақстан облысында су тасқынының екінші кезеңіне дайындық жұмыстары күшейтілген режимде жүріп жатыр. Жағдай әлі де күрделі. Себебі, көршілес РФ Орынбор облысы су қоймаларынан Жайық өзеніне су жылдам келіп жатыр. Салдарынан Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі, Теректі аудандарының 80-нен астам елді мекенін, Жайық өзенінің бойында орналасқан Орал қаласын су басу қаупі бар. Бұл туралы БҚО әкімінің баспасөз қызметінің басшысы Ерхан Тәткен ОКҚ алаңында мәлімдеді.