Президенттің тапсырмасы бойынша Су ресурстары және ирригация министрлігі 2030 жылға дейін су шаруашылығы құрылыстарын қалпына келтірудің кешенді жоспарын әзірледі. Жоспар 57 жаңа су қоймасын салуды, 133 гидротехникалық құрылысты, 7 мың шақырымнан астам ирригациялық жүйені және 1200 шақырым топтық су құбырларын қайта жаңартуды қарастырады. Бүгінгі таңда 114 жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Бұл жайлы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева ОКҚ брифингінде айтты.