Су басу аймақтарынан қауіпсіз учаскелерге 112,5 мың бас ауыл шаруашылығы жануарлары эвакуацияланды. Өлген мал басы бойынша деректер үнемі жаңартылып отырады, бүгінгі таңда 7 035 өлген мал басы анықталды, олардың басым бөлігі - ұсақ мал. Бұл туралы ҚР АШМ ресми өкілі Олжас Тлебалдин ОКҚ алаңында хабарлады.