Ресей Федерациясының Иреклі су қоймасынан жіберілген су еліміздің аумағы арқылы өтіп жатыр. Тасқын суының үлкен көлемі Жайық өзенінің арнасы бойынша Орал қаласы арқылы өтеді. Өңірде су тасқыны жалғасуда. «Қазсушар» мекемесінің Батыс Қазақстан филиалының мамандары тасқын суын қауіпсіз өткізу іс-шараларын атқаруда. Аймақтағы су қоймалары үлкен көлемде су қабылдауға дайын. Орал-Көшім суару-суландыру жүйесінің 4 су қоймасы белсенді су жинап жатыр. Қазір оларда 224 миллион текше метр су жиналды, бұл жалпы көлемнің 86%-ы. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева ОКҚ алаңында осылай деді.