Азаматтық қорғау қызметтерімен Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы іс-шаралар, су тасқыны салдарын жою және халыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жалғасуда. Батыс Қазақстан облысында жағдай тұрақталуда. Су басқан саяжай аумақтарына мониторинг жүргізіліп жатыр. Төтенше жағдайлар  және полиция департаментінің қызметкерлері бірлесіп, су басқан аумақтарды патрульдеуде. Бұл туралы ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріп ОКҚ брифингінде хабарлады.