«Наурыз» бағдарламасы экономикалық өсу жөніндегі ірі мемлекеттік жоспар шеңберінде іске асырылуда. Бірінші тоқсанның нәтижелері бойынша тұрғын үй құрылысы саласында жақсы өсім байқалады және Қазақстанда бала туудың жоғары болуын, орташа өмір сүру ұзақтығының ұлғаюын ескере отырып, көрсеткіштер тұрғын үй нарығына оң әсер етеді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында «Отбасы банк»  АҚ Басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова атап өтті.