Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша еліміздің әрбір мектебіне учаскелік инспекторлар мен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар қатарынан полиция қызметкерлері, сондай-ақ жедел уәкілдер бекітілді. Олар апта сайын мектептерге барып, дәрістер оқып, сынып сағаттарын өткізеді, онда түрлі құқық бұзушылық жасауға жол бермеу, есірткі мен алкогольдің зияны, буллинг пен кибербуллинг жасауға жол бермеу, ішкі істер органдарында және мектепте есепте тұрған адамдармен профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зулхаиров мәлімдеді.