Қазақстан Саяхат және туризмді дамыту жөніндегі Дүниежүзілік экономикалық форумның (World Economic Forum) индексіне сәйкес туристік бағыттар тізімінде 119-дан 52-орынды иеленді. 2 жыл бұрын біздің еліміз 117 елдің ішінде 66-шы орында болған. Ұзақ мерзімді мақсат – осы рейтингтің үздік 50-не кіру. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конферецниясында ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев мәлімдеді.