Қазақстан құрылыс материалдарының кең спектрін өндіру үшін айтарлықтай ресурстар мен әлеуетке ие. Құрылыс материалдары өндірісінің дамуы импортқа тәуелділікті азайтуға ықпал етеді және жұмыс орындарын құру және инвестиция тарту арқылы жергілікті экономиканы ынталандырады. Қазақстанның құрылыс саласы әлемдік нарықта, әсіресе өңірлік интеграциялық және сауда бастамалары шеңберінде құрылыс материалдарының маңызды жеткізушісі болу әлеуетіне ие. ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Мұхамед Андаков ОКҚ алаңында еліміздегі құрылыс саласын дамыту жайында баяндады.