Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Заң 16 маусымда күшіне енеді. Құжатта 2 бағыт бойынша түзетулер көзделген. Отбасыларға көмек ұйымдастыру, қиын жағдайдан шығару функциясы әлеуметтік басқармаға жүктелді. Себебі, бұған дейін әкімдіктерде бұл мәселеге жауапты басқарма болмады. Отбасылар мен зорлық-зомбылықты анықтау үшін жедел әрекет ету топтарының құрылуына байланысты түзетулер көзделген. Сондай-ақ әр ауданда Отбасын қолдау орталықтары ашылатын болады. ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Закиева ОКҚ алаңында осылай деді.