Биыл елімізде 8-13 қыркүйек аралығында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. 2 жыл бұрын бұл шара Түркия елінің Изник қаласында ұйымдастырылған болатын. Ойындар 21 спорт түрінен өткізіледі. Жартысы өзіміздің ұлттық спорт түрлері болса, қалғаны – түркітілдес елдердің ұлттық спорт түрлері. Бұл туралы ҚР туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев ОКҚ алаңында хабарлады.