Елімізде жасөспірімдер мен жастардың репродуктивтік денсаулығын сақтау медицина саласындағы ең өзекті әрі көкейтесті мәселе. Бүгінгі жасөспірімдер мен жастардың репродуктивтік денсаулығы келешекте еліміздің демографиялық ахуалына әсер етеді. Ұрпақ амандығы – мемлекетіміздің баянды да жарқын болашағының кепілі. Халықтың, әсіресе жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығын қорғау біздің еліміз үшін, сондай-ақ қазіргі жағдайда бүкіл әлемдік қоғамдастық үшін ерекше медициналық-әлеуметтік маңызы бар. Репродуктивті денсаулықты қорғау жөніндегі мемлекеттік саясат шаралары заңнамада және бағдарламалық құжаттарда көрсетілген. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ана денсаулығын қорғау департаменті директорының м.а. Шәкизат Халықова ОКҚ алаңында осылай деді.