Суару кезеңі басталғаннан бері Су ресурстары және ирригация министрлігі 20 мыңнан астам шаруаны үздіксіз сумен қамтамасыз етіп келеді. Бүгінгі таңда «Қазсушар» филиалдары фермерлерге шамамен 3 млрд текше метр суармалы су берді. Мұндай мәліметтерді ведомствоның ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева айтты.