ОКҚ алаңында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Айнұр Арғынбекова Алматыдағы ядролық физика институтын, 10 ПЭТ/КТ аппараты бар 7 орталықты, Алматы, Астана және Семей қалаларындағы ғылыми-практикалық зерттеу орталықтарына қатысты осындай пікірімен бөлісті.  

Спикер атап өткендей, Парламентте радиофармпрепараттар өндірісін дамыту мәселесі өте белсенді талқыланды. Біздің елімізде радионуклеидті диагностика үшін тек 2 препарат, ал онкологиялық ауруларды емдеу үшін тек 1 препарат шығарылады. Салыстырсақ, АҚШ-та 49 түрі, Ресейде – 23, Түркияда – 11 түрі шығарылады.

«Бұл салада әлеуетіміз бар. Біз халықаралық нарыққа да шығуымыз керек. Депутаттар бұл мәселелерді бірнеше рет көтерді және алдағы уақытта да көтеретін боламыз, өйткені қолданыстағы заңнамаға одан әрі түзетулер мен өзгерістер енгізу қажет. Атом энергетикасы, Халықтың радиациялық қауіпсіздігі, сәулет-құрылыс, қала құрылысы салалары туралы заңдар, сондай-ақ әрбір ведомствоның заңға тәуелді актілері мен ережелерін өзгерткен жөн. Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану – бұл медицина. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі үшін депутаттардың ұсыныстарының бірі: Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік жобасы аясында Орталық Азияда ядролық медицина мамандарын даярлау жөніндегі құзыреттілік орталығын ашу. Ол Президент істері басқармасы немесе жаңа ұлттық ғылыми-онкологиялық орталықтың базасында, Қазақстан Республикасының жетекші онкологиялық диспансерлерінің бірі болып табылатын Семей қаласында орналасуы мүмкін», – деп түйіндеді депутат.