Қылымыстық-атқару жүйесін цифрландыруға ерекше назар аударылып отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сотталғандар мен қызметкерлердің ықтмал заңсыз әрекеттерін бақылауды және алдын алуды қамтамасыз ету үшін өткен жылдың соңында түзеу мекемелерінде жаппай бейнебақылау енгізу жобасы аяқталды. Бүгінгі таңда 38 мыңнан астам бейнекамера орнатылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Теңізжан Жәнібеков ОКҚ брифингінде хабарлады.