Жоспар Заң нормаларымен үндестірілген және профилактикалық іс-шараларды жүргізуге бағытталған. Оны іске асыру қорытындысы бойынша букмекерлік кеңселер мен ойынханалардың белсенді клиенттерінің санын 42%-ға төмендету; тегін оңалтудан өтетін лудоман санын 500-ге дейін жеткізу; жыл сайын кемінде 7 мың интернет-ойынханамен букмекерлік сайттарды бұғаттау көзделген.