Мемлекеттердің жасанды интеллектіні қолдануға дайындығы Oxford Insights әзірлеген әдістемемен анықталады. Осы әдістемеге сәйкес, Қазақстан цифрлық әлеует және деректердің қолжетімділігі бойынша көрсеткіштерге қол жеткізді. Ал, жасанды интеллект саласындағы елдік стратегиялық құжаттардың болмауына байланысты «пайымдау» көрсеткіші бойынша айтарлықтай артта қалып отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ЦДИАӨМ алдағы бес жылдық кезеңге арналған жасанды интеллектіні дамыту тұжырымдамасын әзірледі.