Жыл сайын жаз кезеңінде республикада халық арасында сібір жарасының спорадикалық жағдайлары тіркеледі. Алайда биылғы 6 айда мұндай деректер болған жоқ. Негізінен адамдар сібір жарасын ветеринариялық куәландырусыз ауру ауыл шаруашылығы жануарларын мәжбүрлі түрде сойып, мүшелеген кезде жұқтырады. Бұл туралы ОКҚ брифингінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова мәлімдеді.