Вакцинамен басқарылатын инфекциялармен сырқаттанушылықтың өсуі әрбір 3-5 жыл сайын байқалады және бұл бірінші кезекте балалар арасында жоспарлы вакцинацияны өткізіп алу және вакцинациядан бас тарту себебінен халықтың иммундалмаған тобының жинақталуымен байланысты. Бұл туралы   ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова хабарлады.