Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңды жүзеге асыру шеңберінде құрылыс нарығын монополиядан арылту жөніндегі шаралар жоспарлануда. Атап айтқанда, шартты жеңілдіктерді есептеу кезінде аумақтық белгі және теріс мәндер түріндегі баға өлшемшарттарының көлемдері ұлғайтылатын болады. Бұл мемлекеттік сатып алу көлемін біркелкі және әділ бөлуге және жекелеген ірі компаниялардың монополиялық жағдайын болдырмауға ықпал етеді. Бұл туралы ҚР қаржы вице-министрі Даурен Кеңбеил ОКҚ брифингінде хабарлады.