Жыл сайын жол апатында 2 мыңнан астам адам қаза тауып, 19 мыңнан астамы түрлі жарақат алады. Бұл – мемлекет пен әр отбасы үшін орны толмас шығындар. Жолдағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында кешенді шаралар қабылдануда. Алайда, талдау көрсеткендей, олар жеткіліксіз болып отыр. Ағымдағы жылы 10 мыңнан астам жол апаты тіркелді, онда 981 адам қаза тауып, 12 мыңнан астам адам жарақат алды. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев ОКҚ алаңында хабарлады.