Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі азаматтарға арналған мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мәселесіне ерекше назар аударады. Құрылыс саласында 22 мемлекеттік қызмет бар. Оның 20-сы «Электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық форматта Қалған екеуі - қағаз түрінде ұсынылады. Мемлекеттік қызметтер реинженирингі мен кейіннен оларды цифрландыру жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова хабарлады.