Шомылу маусымының басталуымен су айдындарының қорғалмаған бөліктерінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің күштерімен 65 тұрақты және қосымша 150-ге жуық жылжымалы маусымдық құтқару бекеті орнатылды. Суға батып қайтыс болғандардың 85%-ы рұқсат етілмеген, қауіпсіздік қамтамасыз етілмеген су көздерінде орын алып отыр. Осыған байланысты ТЖМ рұқсат етілген және қауіпсіз орындарда демалу қажет екенін тағы да еске салды. Қауіпсіз орындар туралы мәліметтер БАҚ және меморгандардың сайттарында, сондай-ақ 2GIS қосымшасында орналастырылған. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов ОКҚ брифингінде осылай деп мәлідеді.