2024 жылы 7 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы әрбір орталық орган үшін экономика салаларын 5 жылға арналған цифрлық трансформациялау карталарын әзірлеуді тапсырды. Соған сәйкес Энергетика министрлігі отын-энергетика кешенінің цифрлық трансформация картасын әзірледі. Карта процестерді негізгі автоматтандырудан бастап жасанды интеллект пен киберқауіпсіздікті қолдануға дейінгі шараларды қамтиды. Жүргізілген жұмыс туралы ОКҚ алаңында ҚР энергетика вице-мминистрі Ілияс Бақытжан айтып берді.