2023 – жылы мемлекеттік сектордағы дәрігерлердің тапшылығы 4,8 мыңнан астам штат бірлігін құрады, оның ішінде қалада – 3,7 мың, ауылда – 1,1 мың дәрігер тапшылығы азаюда. 2022 – жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш қалада 24% - ға, ауылдарда 21% - ға төмендеді. Мұндай деректерді Орталық коммуникациялар қызметінде денсаулық сақтаудың бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев айтты.