2024 жылдың 7 айында Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы шамамен 4,2 млн тонна тасымалданған, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде сақталды. Бұл ретте Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша жүк тасымалы көлемі 63%-ға өсіп, 2,5 млн тоннаны құрады. Қытай транзитінің 14 еседен астам өсуі байқалады. Жыл сайын осы бағыт бойынша жүктер номенклатурасы кеңейіп келеді. Бұл мәліметтерді ОКҚ алаңында ҚР Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Қасым Тілепов хабарлады.