Кеме қатынасының қарқынды дамуы және Каспий теңізінің таяздануы кеме қатынасы қауіпсіздігі бойынша тиімді шараларды, әсіресе, навигациялық қауіпсіздіктің заманауи жүйесін құруды талап етеді. ҚР Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Қасым Тілепов ОКҚ брифингінде осы бағытта атқарылған жұмыстар мен саланың келешегі жайында айтты.