Әлемде адам саудасының 50 млн-нан астам ықтимал құрбандары бар. Бұл - құл жағдайында өмір сүретін және жұмыс істейтін адамдар. Бірақ көмек алған зардап шеккендер саны тек жүздеген мыңға жетеді. Бұл назардан тыс қалған адамдардың үлкен тобы. Орталық Азия бойынша субөңірлік үйлестіруші, ҚР-ға Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның миссиясының басшысы/ БҰҰ-ның көші-қон жөніндегі агенттігі Зейнал Гаджиев ОКҚ алаңында Халықаралық ұйымдардың есептері мен зерттеулеріндегі осындай қорқынышты көрсеткіштер туралы айтты.