«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнесті жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 6 сәуірдегі Заңы негізінде Сауда және интеграция министрлігіне сауда қызметі субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну құзыреті берілді. Заңды іске асыру үшін жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидалары қабылданды, мемлекеттік қолдау шараларын ұсынудың нақты тетігі мен шарттары айқындалды. Республикалық бюджеттік комиссияның шешімімен ішкі саудадағы жеке кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсету үшінін республикалық бюджеттен 2024 жылға 4 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы ҚР СИМ Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков ОКҚ брифингінде хабарлады.