Ауыл шаруашылығы – Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі, ол азық-түлік және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, сондай-ақ ауылдық жерлерде елдің еңбек әлеуетін дамытуға ықпал етеді. Қазіргі заманда цифрлық технологиялар елдер экономикасының дамуында маңызды рөл атқарып келеді. IT-құралдарын енгізу ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімділігін арттырып қана қоймай, сонымен қатар ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Саладағы цифрландыру жайында ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов ОКҚ алаңында баяндады.