Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауыл халқының кірістерін арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру басталды. Министрлік өтінімдерді электрондық форматта беруге және қарауға мүмкіндік беретін шағын кредиттеу ақпараттық жүйесін әзірледі. Бағдарлама мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, ауыл шаруашылығы кооперациясы және ауыл шаруашылығымен байланысты емес бизнес салаларын дамытуға төмен мөлшерлемемен шағын кредиттер беруді қарастырады. Бұл туралы ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов ОКҚ брифингінде хабарлады.