Қазақстан драма театрларының XXX республикалық фестивалiн 2022 жылдан бері Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры ұйымдастырып келеді. Бұған дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі шараны түрлі қалада атап өткен. Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыка театры директорының м.а. Ербол Хабылбеков ОКҚ алаңында 2022 -жылы Қазақстан драма театрларының  XXVIII  республикалық фестивалi Шолпан Жандарбекованың 100 жылдығына арналса, 2023 – жылы Қазақстан драма театрларының  XXIX  республикалық фестивалi Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналғанын айтып өтті.