Кез келген сәби өмірге жоспарлы түрде келуі керек. Бұл – еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің басты ұстанымдарының бірі. Қазір ведомство тарапынан барлық нормативтік құжат дайындалған. Бұл құжаттарға сүйене отырып, барлық медициналық мекемеде әйелдерге қажетті медициналық көмектің барлық түрі көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ Министрлік жасөсіпірім қыздардың денсаулығын нығайту, түрлі індеттің алдын алу, кездейсоқ жүктіліктің алдын алу арқылы олардың келешек өмірінде түрлі асқынулардың болуына жол бермеу қағидасын қатаң ұстанады. Бұл жайлы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Аналар денсаулығын сақтау басқармасының басшысы Шакизат Халықова ОКҚ алаңындағы дөңгелек үстел барысында айтты.
Ауылдарда тұратын 191 жүкті әйел республикалық медициналық орталықтарға жеткізілді
Тегтер:
денсаулық сақтау