Оның айтуынша, бұзушылықтар аз емес. Былтыр ақпараттық қауіпсіздік саласында 218 тексеру, биыл 108 тексеру жүргізілді және еліміздің түрлі өңірінде жүзге жуық тексеру бойынша жұмыс атқарылуда. Дербес деректерді қорғау жоспарында өсім тіркелді. Өткен жылы 38 тексеру болды, биыл – 50, азаматтардан олардың дербес деректерді қорғау құқықтарын бұзу фактілері бойынша 300-ге жуық шағым түсті. Жұмыс жалғасуда. Биыл цифрлық қолтаңба бойынша 37, биыл 11 тексеріс болды. Бірақ көптеген іс бойынша жаза мерзімі аяқталды. Ведомствода іс жүргізу мерзімін екі айдан бір жылға дейін ұлғайтуға бастамашылық жасау жоспарда бар.
Сондай-ақ ата-аналардан балаларының деректеріне алаңдайтын, атап айтқанда, биометриялық деректеріне қатысты шағымдары бар.
«Біз мектепке дейінгі мекемелерде биометрия жүйесін қолдану фактісі бойынша Қызылорда облысының ата-аналарынан көптеген шағым алдық. Аудит жүргізілді, бұл аймақтағы балабақшаларда биометриялық сәйкестендіруді енгізген компания ата-аналардың балаларының биометриялық деректерін пайдалануға келіспеуіне байланысты бұзушылықтарға жол бергенін көрсетті. Екінші үлкен жағдай - балалар үйірмесінің бағдарламаларында биометрия жүйесін қолдану. Алматыдан көптеген шағым келіп түсті. Жобаны жүзеге асырған компания барлық міндеттесін орындады. Жүйеде жинақталған дербес деректерді заңсыз пайдаланған аудан әкімдіктерінің қызметкерлеріне сұрақтар туындады. Біз оларды әкімшілік жауапкершілікке тартамыз. Тексеру жалғасуда», – деді спикер.