Ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша өңдеуші өнеркәсіптің елдің ЖІӨ-не қосқан үлесі 12,7%-ды немесе 8,6 трлн теңгені құрады. Сыртқы сауда көрсеткіштері, ағымдағы жылдың 8 айындағы өңделген тауарлардың экспорт-импорты да оң өзгерістерді көрсетеді. ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков атап өткендей, өңдеу өнеркәсібі тауарларының экспорты 6,4%-ға өсіп, 17,8 млрд долларды құрады. Тауарлардың импорты бойынша, керісінше, 7,2%-ға төмендеу байқалады.