8-10 қараша күні Астана қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ересектер арасында жауынгерлік, спорттық самбодан және зағиптар арасында самбодан Әлем чемпионаты өтеді. Бұндай ауқымды дода ҚР Самбо федерациясының ұйымдастыруымен елімізде 19 жылдан кейін өткелі отыр. Әлем чемпионатына бүгінгі күнге дейін 85 мемлекеттен спортшылар қатысуға өтінім білдірді. Елордамызға 750-ден астам шетелдік қонақ келеді деп күтілуде. Бұл алдыңғы чемпионаттармен салыстырғанда өте жоғары көрсеткіш. ҚР Самбо федерациясының бірінші вице-президенті Манарбек Бисекенов ОКҚ алаңында осылай деді.